«Қайрат» — «Ақтөбе» — 3:1 (Исламхан, 49-пенальтиден, Сүйімбаев, 62, Гоу, 66 — А.Щеткин, 30)
Қазақстан премьер-лигасының 24 турында «Қайрат» Алматыда «Ақтөбені» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші болып есепті қонақтар ашқанмен, оңтүстікастаналықтар екінші таймда бәрін орнына келтірді.
Бұл — «Қайраттың» биылғы маусымдағы төртінші жігерлі жеңісі. Бұдан бұрынғы жеңіліп жатып жеңіске жеткен 3 матчының нәтижесі мынадай:
10 тур. «Тобыл» — «Қайрат» — 1:2 (Шимкович, 8-пенальтиден – Гоу, 13, 56)
13 тур. «Қайрат» — «Ақжайық» — 3:2 (Исламхан, 16-пенальтиден, Гоу, 89, Тавамба, 90+2 — Валиуллин, 3, Хромцов, 31)
14 тур. «Қайрат» — «Атырау» — 5:2 (Тесак, 22, Исаель, 28, Аршавин, 45+1, Исламхан, 65, Гоу, 85- Аржанов, 17, Куртеан, 87)
Биыл премьер-лигада барлығы 10 жігерлі жеңіс тіркелген екен. Оның төртеуі, айтып өткеніміздей, «Қайраттың» еншісінде болса, «Астана» 2 рет (1 тур. «Астана» — «Шахтер» — 2:1, 21 тур. «Астана» — «Атырау» — 2:1), «Ақтөбе», «Ордабасы», «Ертіс», «Оқжетпес» командалары бір-бір рет қарсыласына есеп аштырып, артынша өздері жеңіске жетіпті.
Қызықты дерек: «Қайраттың» 4 жігерлі жеңісінің бәрінде Жерар Гоу мергендігімен танылса, Бауыржан Исламхан үш матчта өз командасының жігерлі жеңісіне голмен үлес қосыпты.