Ұлттар лигасы. D1 тобы
3 тур. 13 қыркүйек
Латвия – Қазақстан – 1:1 (Карашаускс, 40 – Зайнутдинов, 16)
ЛАТВИЯ: №1 Ванин, №2 Максименко, №4 Дубра, №7 Ругинс (№14 Цыганик, 67), №10 Шабала, №11 Карашаускас (№22 Гутковский, 73), №13 Исаев (№8 Фертов, 27), №15 Ракель, №16 Лукьянов, №18 Савалниекс, №19 Ягодинский.
Бас бапкер — Миксу Паателайнен (Финляндия)
ҚАЗАҚСТАН: №1 Эрич, №2 Малый, №4 Постников, №5 Қуат, №9 Исламхан (№20 Федин, 75), №10 Жуков, №13 Щёткин, №14 Муртазаев (№15 Тұрысбек, 82), №18 Шомко (к), №19 Зайнутдинов (№17 Сейдахмет, 65), №21 Бейсебеков
Бас бапкер – С.Стоилов (Болгария)
Ескерту алғандар: Шабала, 89 — Қуат, 39, Бейсебеков, 43, Сейдахмет, 77
Төрешілер: Харальд Лехнер, Андреас Хайденрайх, Максимилиан Колбич (бәрі — Австрия)
13.10.2018. Рига, Daugava стадионы
Грузия – Андорра – 3:0 (Казаишвили, 33, 84, Канкава, 90+4)
Бұл турдан кейін Латвия, Андорра және Қазақстан құрамалары 2 ұпайдан жинады. Көшбасшы Грузияның 9 ұпайы бар.
Қазақстан құрамасы он бірінші рет есеп ашып, тең нәтижеге қанағат білдірді. Бұл дерек туралы өткен турдағы ойыннан кейін кеңірек жазғанбыз.
Латвия құрамасының және «Ақжайық» командасының шабуылшысы А.Карашаускс өз ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы голын соғып отыр. Бұған дейін Артур құрамада 17 матч өткізген еді.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда он сегізінші тең ойынын өткізді.
Бұл ойын — Латвия мен Қазақстан арасындағы алтыншы кездесу. 2 ойында – Латвия, 1 ойында Қазақстан жеңіске жетті, 2 ойын тең аяқталды. Доп айырмасы – 6:4
Латвия құрамасы кейінгі 4 кездесуде Қазақстан құрамасынан басым түсе алған жоқ (3 тең ойын, 1 жеңіліс).
Қазақстан құрамасы бір циклда қонақта екінші рет екі тең ойынға қол жеткізіп отыр. Бұған дейін 2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде отандастарымыз Бельгиямен (0:0) және Әзербайжанмен (1:1) сырт алаңда тең ойнаған еді.
Қазақстан әзірше Еуро-2008, ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінің алғашқы үш турынан кейінгі нәтижені дәл қайталап отыр. Яғни, отандастарымыз осы іріктеу кезеңдеріндегі екі ойынды тең аяқтап, бір ойында жеңілген еді.
Латвиямен кездесуде А.Щеткин ұлттық құрама сапындағы — 25, А.Бейсебеков 20-матчтын өткізді.
«Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Максим Федин Қазақстан құрамасындағы алғашқы матчына қатысты.