Топтық турнирдегі Хорватия – Нигерия кездесуінің аяқталуына бес минут қалғанда, жартылай қорғаушы Никола Калинич командаласын алмастырудан бас тартып еді. Ол арқасының ауырып тұрғанын сылтауратқан болатын. Кездесуден кейін хорваттардың бас жаттықтырушысы З.Далич оны дереу командадан аластады.

Хош, сонымен, тамаша ерлік көрсетіп, Хорватия құрамасы финалға жетті. Күміс жүлде иеленді. Енді Калинич күміс жүлде ала ма? «Ол шешімді Хорватия құрамасының футболшылары өздері қабылдайды» деді Хорватия футбол одағының байланыстар жөніндегі директоры Томислав Пачак.

Ал түрлі дау-дамайдан кейін Франция құрамасының сапына алынбаған шабуылшы Кәрім Бензема отандастарының табысына қуанған секілді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтына құттықтау сөз жазып, ризашылық білдірді. Міне, арғы жағада қалған екі мықтының жағдайы осындай.