Боксшы Айдар Шәрібаев 28 қазанда келесі кездесуін өткізеді. Бүгін оның қарсыласы белгілі болды.
Таныс болыңыздар: Карлос Падилья (Колумбия)
Кәсіпқойлар арасында 23 кездесу өткізіп, 16 қарсыласын жеңген (10 нокаут), 1 кездесуін тең аяқтап, 6 қарсыласына есе жіберген.
1989 жылдың 1 тамызында дүниеге келген.
Колумбияның Барранкилья қаласында тұрады.
Кәсіпқойлар арасындағы дебюті — 27.01.2010 жыл
Соңғы кездесуін 2017 жылдың 25 тамызында Майамидегі Буффало Ран Казинода америкалық Остин Дулеймен кездесіп, IV раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Падилья кәсіпқой бокстағы алғашқы 10 кездесуін жеңіспен аяқтады, алғашқы 15 кездесуінде жеңіліс дәмін татқан жоқ. Алғаш 2014 жылдың 16 мамырында отандасы Аристедес Перестен жеңілді.
Шәрібаев-Падилья жекпе-жегі 28 қазанда Машантакет қаласында (Коннектиукт штаты, АҚШ) Фоксвудс Ресорт Казинода өтеді.
Шәрібаев кәсіпқой бокста 6 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 5 қарсыласын нокаутпен ұтты. Соңғы кездесуін биылғы 28 сәуірде никарагуалық Орландо Ризомен өткізіп, нокаутпен жеңді.
Падильяның соңғы жекпе-жегінің бейнежазбасы:
Шәрібаевтың соңғы кездесуінен бейнеүзік: