2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу. Е тобы
Қазақстан – Дания – 1:3 (И.Қуат, 76 – Н.Йоргенсен, 27, К.Эриксен, 51-пенальтиден, К.Дольберг, 81)

Ойынның 43 минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан дөрекілігі үшін алаңнан қуылды.
Ол — Қазақстан құрамасы тарихында алаңнан қуылған 23-футболшымыз.
1992 жылдан бергі 178 кездесуде Қазақстан құрамасының ойыншылары алаңнан 29 рет қуылған.
Рекордшы — Игорь Авдеев. Ол 5 рет алаңнан қуылды. 3 рет ресми кездесуде, 2 рет жолдастық матчтарда Авдеев қызыл қағаз алды. Дөрекілер қатарында А.Карпович пен С.Тимофеев те бар. Олар 2 реттен алаңнан қуылды.
УЕФА-ға мүше болған 2002 жылдан бері Қазақстан құрамасының футболшылары алаңнан 18 рет қуылды. Оның 9-ы — ресми кездесулерде, 9-ы — жолдастық матчтарда.
2001 жылдың 25 сәуірінде өткен Қазақстан — Ирак матчында (Авдеев пен Құлшынбаев) және 2005 жылдың 7 қазанында өткен Қазақстан — Грекия матчында (Карпович пен Родионов) Қазақстан құрамасы сапынан 2 ойыншы қуылды.
Ал 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында 2 футболшымыз қызыл қағаз алды. Бұған дейін 26 наурыздағы Армения — Қазақстан кездесуінің 64 минутында Сергей Малый екі ескертуден кейін алаңнан кетті.

Р.Кушпелевтің фотосы (vesti.kz)