Бокстан әлем чемпионаты
Гамбург (Германия)
Финал

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Мұхамедрасул Мәжидов (Әзербайжан) — 1:4

Қ.Қоңқабаев та өзінің алғашқы әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады. Оның бұл додадағы жекпе-жектері:
Екінші кезең. Макс Келлер (Германия) — 5:0
Ширек финал. Баһадүр Жалалов (Өзбекстан) — 3:2
Жартылай финал. Фоку Арсен (Камерун) — 5:0
Финал. Мұхамедрасул Мәжидов (Әзербайжан) — 1:4

М.Мәжидов осымен екінші рет әлем чемпионатының финалында қазақстандық боксшыны жеңіп отыр. 2013 жылы Алматыда ол финалда Иван Дычконы нокаутпен тұқыртқан еді.

Қ.Қоңқабаев биыл екінші күмісіне қол жеткізді. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатының финалында жергілікті Б.Жалаловқа есе жіберген еді. Гамбургтегі әлемдік доданың ширек финалында Қамшыбек Баһадүрді жеңіп, қарымта қайырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here