Қазақстан премьер-лигасы
14 тур. 27-28 мамыр
«Оқжетпес» — «Ордабасы» — 1:2 (Генков, 89 — Нөсербаев, 20, Тұңғышбаев, 39)

«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Қайрат Әшірбеков кездесудің 78 минутында Еркебұлан Тұңғышбаевты алмастырып, биылғы маусымдағы — бірінші, Қазақстан премьер-лигасындағы 400-матчын өткізді.
400 ойынды Әшірбеков 6 команда құрамында өткізді:
1. «Достық» — 18 матч (2 гол)
2. «Тараз» — 28
3. «Ақтөбе» — 139 (37)
4. «Шахтер» — 27 (9)
5. «Локомотив» — 11 (2)
6. «Ордабасы» — 195 (16).

400 кездесуде Қайрат 66 гол соқты. Ел кубогында — 13, ұлттық құрама сапында 2 гол соғып, Әшірбеков қазір 81 голмен тоқтап тұр. 2015 жылдан бері Қайраттың қанжығасы мүлде майланған жоқ.

Қазақстанда 400-ден асыра ойынға қатысқан ойыншылар саны 7 ғана екен:
1. Нұрбол Жұмасқалиев – 501 матч;
2. Серік Жейлетбаев – 457;
3. Самат Сымақов – 439;
4. Руслан Гумар – 424;
5. Данияр Мұқанов – 418;
6. Максим Самченко – 417;
7. Қайрат Әшірбеков – 400.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here