Қазақстан премьер-лигасы
9 тур. 29 сәуір
«Қайрат» — «Ақжайық» — 4:1 (Исламхан, 2, Гоу, 32, Валиуллин, 48-өз қақпасына, Сүйімбаев, 58 — Валиуллин, 82)
«Ақжайық» командасының жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин бұл матчта екі ерекше нәтижеге қол жеткізді.
Біріншісі: ол 1998 жылдан бері бір матчта өз қақпасына және қарсыластар қақпасына гол соққан үшінші футболшы болып отыр.
1. П.Евтеев («Шахтер»). 01.05.2002 ж. «Шахтер» — «Қайрат» — 2:2. Евтеев 2 минутта өз қақпасына, 35 минутта «Қайрат» қақпасына доп енгізді.
2. А.Николаев («Ақтөбе»). 21.10.2006 ж. «Атырау» — «Ақтөбе» — 3:2. Николаев 24 минутта өз қақпасына, 30 минутта «Атырау» қақпасына гол соқты.
3. Р.Валиуллин («Ақжайық»). 29.04.2017 ж. «Қайрат» — «Ақжайық» — 4:1. 48 және 82 минуттар.
Екіншісі: Р.Валиуллин өткен жылы «Қайратпен» өткен 2 матчта да мергендік танытқан болатын. Биыл да екі команда кездесуінде көзге түсіп отыр. Жалпы, премьер-лигада Валиуллин 4 гол авторы атанса, соның үшеуін — «Қайратқа», біреуін «Қайсарға» соқты.