Artorias Boxing Youtube-арнасы Геннадий Головкин мен Даниел Джейкобс кездесуіндегі тура және дәл соққыларды санады. Тосқауылға тиген және ауа қармаған соққылар есепке алынған жоқ. Санақ нәтижесінде мынадай мәлімет анықталды: 
Головкин — Джейкобс
1-раунд: 9:8
2-раунд: 6:4
3-раунд: 17:5
4-раунд: 27:9
5-раунд: 19:9
6-раунд: 10:9
7-раунд: 5:6
8-раунд: 13:11
9-раунд: 20:7
10-раунд: 16:18
11-раунд: 13:6
12-раунд: 16:6.
Қорытынды есеп — 171:98. Демек, Головкиннің дәл соққылар бойынша басымдығы 2 есеге жуық. 
Ал Compubox жүргізген статистика бойынша, жекпе-жек барысында Головкин 615 соққы жұмсаған, оның 231-і (37,3 пайыз) нысанаға дәл тиген. 356 джебтің 105-і (29,5 пайыз), 259 күшті соққының 126-сы (48,6 пайыз) діттеген тұсқа жеткен.

Джейкобстың көрсеткіші қарапайымдау: ол 541 соққы жұмсаса, Головкинге тигені — 175 (32,3 пайыз), джеб — 170-31 (18,2 пайыз), күшті соққы — 371-144 (38 пайыз).  

Ал жекпе-жектен кейінгі төрешілер жазбасының көрінісі мынадай: