«Тобыл» — «Атырау» — 3:0 (Щеткин, 14, 58, 64)
«Ордабасы» — «Астана» — 3:0 (Төлебек, 15, Нұрғалиев, 74, Диакате, 88)
«Ертіс» — «Ақжайық» — 2:1 (Дарабаев, 46, Живкович, 88-пенальтиден — Ортис, 83)
«Қайсар» — «Оқжетпес» — 1:0 (Николич, 90+2-пенальтиден)
«Тараз» — «Шахтер» — 0:0
«Қайрат» — «Ақтөбе» — 1:0 (Гоу, 65)

а) Алаң иелері 5 ойында жеңіске жетіп, 1 матч қана тең аяқталды («Тараз» — «Шахтер» — 0:0). Өткен жылы да алғашқы турда дәл осындай көрсеткіш болған еді еді (5-1-0);

ә) 6 ойынды стадиондарда 31200 жанкүйер тамашалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға жуық адамға артық. Былтыр алғашқы тур матчтарын 21500 адам көзбе-көз көрген болатын. Өткен жылы І турдағы «Ертіс» — «Оқжетпес» кездесуін көруге 5500 адам келіп, ең көп жанкүйер жинаған ойын болса, биыл Алматыдағы «Қайрат» — «Ақтөбе» текетіресін 10 мың адам келіп көрді;

б) Турда 2 пенальти белгіленіп, екеуі де ойын тағдырын шешті. 2 пенальти де ойынның соңғы минуттарында қонақтар қақпасына қойылды. Живкович («Ертіс») пен Николич («Қайсар») мүлт кеткен жоқ. 2016 жылы І турда жалғыз пенальи белгіленді, оны «ордабасылық» А.Нұрғалиев «Ақтөбе» қақпасына дәл соқты;

в) І турда алаңнан қуылған ойыншы — біреу (Д.Ерғашев, «Тараз»), ескерту алғандар — 20. Ең көп ескертуді (4) «Ақтөбе» футболшылары Алматыда алды. Өткен маусымда алғашқы турда 16 ойыншы ескерту алып, ешқайсысы алаңнан қуылмаған еді;

г) Маусым арасында команда ауыстырып, жаңа командаларында гол соққан 2 футболшы бар — Дарабаев («Қайраттан» «Ертіске») пен Щеткин («Астанадан» «Тобылға»). Нұрғалиевті де солардың қатарына қосуға болады. Ол өткен жылдың екінші жартысын «Астанада» өткізіп, жақында «Ордабасыға» оралды және бірден бұрынғы командасының қақпасына доп енгізді;

ғ) Соғылған 11 голдың 10-ы — алаң иелерінің, біреуі ғана — қонақтардың еншісінде. Өткен жылы алғашқы турда қақпаларға 14 гол еніп, соның 10-ын — алаң иелері, 4-еуін қонақтар соққан-ды. Демек, биыл алаң иелері «норманы» орындаған, ал қонақтар көрсеткішті 4 есе азайтқан;

д) 10 голдың екеуі ғана І таймда қақпа төрінен табылған. Демек, ойынның дені ІІ таймда қыза түскен. Өткен жылы алғашқы таймда 5 гол соғылыпты. Қызығы, екі жылда да ІІ таймда 9 гол нысанаға дәл тиіпті;

е) Ковальчук, Рендулич, Фонтаньело («Ордабасы»), Маевский, Луллаку («Астана»), Непогодов («Тобыл»), Джокич, Двалишвили, Томич, Лобжанидзе, Родич («Атырау»), Живкович, Родриго, Ткачук («Ертіс»), Аренас, Шмидт («Ақжайық»), Исламқұлов, Нтибазонкиза, Камара, Курьор, Николич («Қайсар»), Козлов, Генков, Политыло, Хорват («Оқжетпес»), Диарра, Мұхаметшин, Шипицын, Горбанец, Зайнутдинов («Тараз»), Айгебуси, Станоевич, Аллегриа («Шахтер»), Иличевич, Балтабаев («Қайрат»), Морейра, Барбоса, Воловик, Гуйе, Альмейда — биылғы премьер-лига дебютанттары.  40 жаңа футболшы бас лигадағы алғашқы матчтарын өткізді. Соның төртеуі ғана (Шмидт, Исламқұлов, Зайнутдинов және Балтабаев) — қазақ футболының түлектері.  36 футболшы шеттен келген. Құрамының басым бөлігі жаңарып шыққан — «Атырау», «Қайсар», «Ақтөбе», «Тараз» (5 жаңа ойыншы) командалары. Д.Шмидт «Восток»/»Алтай» сапында ауысу матчтарына 2 рет қатысты, дегенмен толыққанды дебюті осы жылға тап келіп отыр.