Қаратау — Қазақстан матчынан кейінгі деректер мен мәліметтер
1. Қазақстан құрамасы өз тарихында бірінші рет 0:5 есебімен жеңілді;
2. Сырт алаңда отандастарымыз 168 гол жіберіп отыр;
3. Қазақстан құрамасы 35-рет ірі есеппен жеңілді;
4. Отандастарымыз 1992 жылдан бергі 173 кездесудің 67-сінде (38,73%) қарсыластар қақпасына гол соға алмаған.
5. Қазақстан құрамасы 173 кездесудің 47-сінде (27,17%) өз қақпасына 3 және одан да көп гол жіберіп отыр.
6. Қаратау құрамасы — Германия, Беларусь, Англия, Түркия, Жапония құрамаларынан кейін Қазақстанды кемінде 2 рет ойсырата ұтқан алтыншы қарсылас. 2008 жылдың мамыр айында Подгорицада өткен жолдастық кездесуде қаратаулықтар отандастарымызды 3:0 есебімен жеңген болатын.
7. Чехия (Қазақстан — Чехия — 2:4), Түркия (Қазақстан — Түркия — 0:6), Ресей (Ресей — Қазақстан — 6:0), Жапония (Жапония — Қазақстан — 5:1), Беларусь (Қазақстан — Беларусь — 1:5), Англия (Қазақстан — Англия — 0:4). Бір матчта Қазақстан қақпасына кемінде 4 футболшысы гол соққан осы 6 құрама қатарына енді Қаратау да қосылды. Қаратау — Қазақстан матчында соғылған қарымтасыз 5 голдың авторлары да — жеке футболшылар.
8. Қаратаулық шабуылшы Стефан Йоветич Қазақстан қапасына гол соғып, өз құрамасы тарихындағы бас мерген атанып отыр. Ол ұлттық құрама сапындағы 42 матчта 18 рет қарсы қақпаны дәл көздеген. Бұрынғы бас мерген М.Вучинич болатын (17 гол).
9. Қазақстан құрамасы УЕФА аясында өзі қатысқан барлық іріктеу кезеңінде ірі есеппен ұтылу «дәстүрін» сақтап келеді. Германия-2006 іріктеуінде — 3 рет (Түркия — 0:4, 0:6, Дания — 0:3), Австрия/Швейцария-2008 — 1 (Португалия — 0:3), ОАР-2010 — 5 (Хорватия — 0:3, Англия — 1:5, 0:4, Беларусь — 1:5, 0:4), Украина/Польша-2012 — 4 (Түркия — 0:3, Германия — 0:3, 0:4, Бельгия — 1:4), Бразилия-2014 — 3 (Австрия — 0:4, Германия — 0:3, 1:4), Франция-2016 іріктеуінде 1 рет (Исландия — 0:3) ойсырай жеңілген еді.
10. Стас Покатилов Қазақстан сапындағы 10-матчта 3-тен көп доп жіберді. Ол бұған дейінгі 9 кездесуде өз қақпасына 7 доп өткізіп алған еді. Ол 5 матчта қақпасына голдан аман ұстады, тағы 5 матчта 12 гол жіберді.