Ұлттар лигасы. D1 тобы
6 тур. 19 қараша
Голдар: Меребашвили, 59, Чакветадзе, 84 – Өміртаев, 90
Грузия: Лория, Какабадзе (Хочолава, 86), Кашия, Кверквелия, Квеквескири, Канкава (к), Казаишвили, Чакветадзе (Абурджания, 90+3), Меребашвили, Гвилиа (Качарава, 75), Двали
Қазақстан: Непогодов, Малый, Қуат, Мұжықов, Щёткин (Перцух, 74), Муртазаев (Тұрысбек, 88), Сүйімбаев, Зайнутдинов, Федин (Өміртаев, 88), Бейсебеков, Логвиненко (к)
Ескерту алғандар: Мұжықов, 45+1, Сүйімбаев, 90+4
Төреші Тиагу Мартинш (Португалия)
Тбилиси. Б.Пайчадзе стадионы

* Грузия құрамасы бұл топта 15 ұпаймен дара шығып, келесі Ұлттар лигасында С дивизионында өнер көрсету құқын жеңіп алды.

* Қазақстан мен Грузия өзара алтыншы рет кездесті. Грузиялықтар – 3, қазақстандықтар 1 жеңіске жетті, 2 ойын тең аяқталды.

* Грузия ресми кездесулерде Қазақстанды үшінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде олар Алматыда отандастарымыздан 2:1 есебімен басым түскен еді. Биыл Ұлттар лигасындағы екі кездесуде де кавказдықтар жеңіс туын желбіретті.

* Қазақстан мен Грузия арасындағы алты кездесуге де «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Жаба Канкава бастан-аяқ қатысты.

* Бұл жолғы кездесуде Қазақстан құрамасы сапында Д.Непогодов («Тобыл») мен О.Өміртаев («Шахтер») алғашқы ойындарын өткізді. Өміртаев бірден гол соғып көзге түсті.

* Ғ.Сүйімбаев Қазақстан құрамасындағы – 25, Б.Тұрысбек 10 матчын өткізді.

* Г.Чакветадзе – Қазақстан құрамасы қақпасына екі гол соққан екінші грузин ойыншысы. Оған дейін шабуылшы Г.Деметрадзе 2005 жылдың 17 тамызында 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі матчында Д.Лория қорғаған қақпаға дубль жасаған болатын.

* Қазақстан құрамасы бұған дейін Тбилисиде екі матч өткізіп, екеуін де тең (0:0 және 1:1) аяқтаған болатын. Бұл жолы бірінші рет жеңілді.

* Осы жеңістен кейін Грузия құрамасы Қазақстан құрамасын ең көп жеңген құрамалардың үштігіне енді. Бұған дейін отандастарымыз Түркиядан – 6 рет, Армения, Польша, Дания, Германия, Украинадан – 4 рет, Сирия, Қаратау, Грекия, Португалия құрамаларынан 3 рет жеңілген еді.