Қазақстан – Әзербайжан – 3:0 (Муртазаев, 12, Мұжықов, 14, Зайнутдинов, 90)
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов өзінің құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Күні кеше ғана порталымызда Серікжанның спорттағы ғұмырында отызыншы голын енгізгенін жазған едік (қараңыз).
Қазақстан премьер-лигасында – 25, Қазақстан кубогында – 3, еурокубоктарда 2 гол авторы атанған футболшыға ұлттық құрама сапындағы гол ғана жетпей тұрғандай еді. Талдықорған футболының түлегі ол қалауымызды да орындады.
Мұжықов ұлттық құрамадағы тұңғыш голын 16-матчта енгізді.