Қазақстан премьер-лигасы
32 тур. 28 қазан
«Астана» — «Қайрат» — 0:2 (Әбікен, 71, Гоу, 88)
«Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу осы турда «Астана» қақпасын дәл көздеп, өзінің Қазақстандағы рекордын жаңартты. Бұған дейін ол екі маусым бойы 22 доптан соққан-ды. Биыл сол көрсеткішін арттырып, 23 дәл соққы жасады.
Гоу рекордының маңызы мынада: бұған дейін ешбір футболшы Қазақстан чемпионаттарында қатарынан 3 маусымда 20-дан асыра гол соғып көрген жоқ. Гоу осы «дәстүрді бұзып» отыр.
Сонымен қатар, Гоу үшінші рет премьер-лиганың бас мергені атағын жеңіп алуға жақын. Бұл көрсеткіш бойынша ол Мұрат Тілешевпен теңесті. Тілешев 2005 жылы (20 гол) және 2008 жылы — «Ертіс» сапында (13), 2009 жылы «Ақтөбе» сапында (20) гол соғып, бас мерген атанды.
Дегенмен бұл көрсеткіш бойынша Гоу әлі де талпынатын биік бар. Өзбек Ұлықбек Бақаев Қазақстан премьер-лигасында 4 рет бас мерген атанды:
2004 жыл. «Тобыл» – 22 доп
2010 жыл. «Тобыл» — 16
2011 жыл. «Жетісу» — 18
2012 жыл. «Ертіс» — 14