Лондон (Ұлыбритания). 07.08.2017 жыл
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты
Үш секіру. Әйелдер. Финал
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол өзінің үздік мүмкіндігінде 14,77 метрге секіріп, Ю.Рохас пен К.Ибаргеннен кейінгі тұғырға көтерілді. Ибарген үшінші кезекте 14,89 метрді артта қалдырса, Рохас бесінші кезегінде 2 см алға секірді. Сөйтіп, венесуэлалық Рохас бірінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
О.Рыпакова үшінші рет әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр. Ол 2011 жылы Тегу (Оңтүстік Корея) қаласында — күміс жүлдегер, 2015 жылы Бейжіңде (Қытай) қола жүлдегер атанған еді.