Қазақстан премьер-лигасы
28 мамыр. 4 турдың кейінге қалдырылған кездесуі
«Астана» — «Шахтер» — 4:1 (Кабананга, 10, 19, 56, Мұжықов, 24 — Тәттібаев, 52)
Ойынның 26 минутында «Астана» шабуылшысы Роман Муртазаев пенальти соға алмады. Оң бұрышқа тепкен допты қақпашы Игорь Щацкий тырп еткізбей қағып алды.
Бұл — «Астананың» биылғы біріншіліктегі екінші қате пенальтиі. 7 турдағы (16.04.2017 ж.) «Оқжетпес» — «Астана» (0:3) кездесуінің 45 минутында Жуниор Кабананга пенальтиді аспанға тепкен болатын. Одан бергі кездесулерде С.Граховац пен Р.Муртазаев бір-бір пенальтиден дәл соққан еді.
Р.Муртазаев осымен 4-рет пенальтиді енгізе алмай отыр. Ол 2016 жылғы маусымда «Ертіс» сапында чемпионатта — 2, ел кубогында 1 пенальтиді соға алмады.
Ал И.Шацкий бірінші рет пенальти қайтарды. Ол бұған дейін 2015 жылы — 2, 2016 жылы — 3, 2017 жылы 1 пенальтиден гол жіберген болатын.
Жалпы биылғы маусымда қақпаларға 19 пенальти белгіленіп, соның 16-сы соғылды. «Астаналықтардан» бөлек, бір пенальтиден Р.Мұхаметшин («Тараз») қателесті. Ол 7 турдағы «Тараз» — «Атырау» кездесуінің 16 минутында пенальти енгізе алмады. қақпашы А.Пасеченко соққыны қайтарды.
fca.kz фотосы