Қазақстан премьер-лигасы
10 тур. 2 мамыр
«Астана» — «Қайрат» — 1:1 (Граховац, 87 — Қуат, 34)
«Астана» командасының қақпашысы Александр Мокиннің дәл бір айға созылған «құрғақ матчтар» сериясы аяқталды. Ол 14 турдағы «Шахтер» — «Астана» кездесуінің 62 минутында М.Габышевтен доп жіберіп алды да, содан кейінгі 5 кездесуде қақпа кілтін берік ұстады. «Астана» — «Қайрат» матчының 34 минутында бұл серияны Исламбек Қуат тамаша голмен тәмамдады.
Соңғы 5 жылдағы Қазақстан премьер-лигасындағы ең ұзақ «құрғақ» сериялар тізбегі мынадай:
2013 жыл. А.Пасеченко («Жетісу») — 6 матч. 551 минут (14.09.2013 — маусым соңына дейін)
2014 жыл. А.Сидельников («Ақтөбе») — 6 матч. 641 минут (27.04.2014 — 01.06.2014)
2015 жыл. С.Покатилов («Ақтөбе») — 7 матч. 724 минут (07.03.2015 — 25.04.2015)
2016 жыл. Д.Лория («Ертіс») — 5 матч. 537 минут (13.03.2016 — 17.04.2016)
2017 жыл. А.Мокин («Астана») — 5 матч. 512 минут (01.04.2017 — 02.05.2017)
Жалпы, Қазақстан премьер-лигасындағы «құрғақ» серия рекорды Сергей Бойченкоға («Қайрат») тиесілі. Рекордшы қақпашылар бестігі мынадай:
1. Сергей Бойченко («Қайрат», 2005-06) — 921 минут;
2. Давид Лория («Шахтёр», 2004) — 827;
3. Вадим Резников («Елім-ай», 1996) — 765;
4. Стас Покатилов («Ақтөбе», 2015) — 724;
5. Вадим Егошкин («Қайрат», 1997) — 710;