Қазақстан премьер-лигасы
10 тур. 2 мамыр
«Оқжетпес» — «Шахтер» — 0:2 (Тәттібаев, 20, 71)

«Шахтер» шабуылшысы Айдос Тәттібаев бұл кездесуде кеншілерге маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлап қана қоймай, өзінің футболдағы алғашқы дублін енгізді. Бұған дейін Тәттібаев премьер-лигада 5 (2010 — 4, 2016 -1) гол енгізген болатын.

Ал «Шахтер» биылғы алғашқы жеңісіне 10-турда ғана қол жеткізді. Бұл — соңғы 10 жылдағы ең төмен нәтиже. 2015 жылы қарағандылықтар алғашқы жеңісіне 6-турда жеткен болса, 2016 жылы 7-турда ғана толыққанды 3 ұпай қанжығалаған еді. Биыл осы антирекорд 3 матчқа жаңарып отыр.