Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко Данияға қарсы кездесуде өзінің ұлттық құрама сапындағы 40 (қырқыншы) матчтын өткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол құраманың үздік жетілігіне еніп, Давид Лориямен теңесті:
1. Самат Сымақов — 75 матч
2. Руслан Балтиев — 73
3. Нұрбол Жұмасқалиев — 58
4. Андрей Карпович — 55
5. Сергей Остапенко — 42
6. Сергей Хижниченко — 41
7-8. Юрий Логвиненко, Давид Лория — 40.
Ю.Логвиненко ұлттық құрамада 2008 жылдан, яғни, 20 жасынан бері өнер көрсетіп келеді.
Оның дебюті өте сәтсіз деуге келеді. 23 мамырда Мәскеуде өткен Ресей — Қазақстан (6:0) матчында Логвиненко алаңға 44-минутта Әли Әлиевтің орнына шығып, 80-минутта Сабырхан Ыбыраевқа орын босатты. Осы 36 минут аралығында Қазақстан құрамасы өз қақпасына 2 гол жіберді. Бұл кезде құрама тізгіні голландиялық Арно Пайперстің қолында болатын.
2008 жылдың соңында Пайперстің орнына неміс Бернд Шторк келді. «Уэмблиде» өткен матчта ол Англия құрамасына қарсы негізгі құрамға Логвиненконы қосты. Бұл ойында біздің команда 1:5 есебімен ұтылды…
Жалпы Логвиненко қатысқан 40 матчта Қазақстан құрамасы 10 рет жеңіп, 10 рет тең түсіп, 20 рет жеңілді. Доп айырмасы — 46:78.
Ақтөбе футболының түлегі 40 ойында 7 рет ескерту алды, 1 рет алаңнан қуылды. 4 гол соқты. Оның біреуін — Қырғызстан қақпасына (5:2, 01.06.2012), үшеуін Чехия қақпасына (2:4, 13.10.2014 — дубль. 1:2. 13.10.2015) соқты.
Құрама ардагерлерінен қазір Логвиненкодан 1 ойыны ғана артық Сергей Хижниченко өнер көсретіп жүр. Сымақов, Балтиев, Жұмасқалиев, Карпович және Остапенколар ұлттық құрамамен қош айтысты. демек, алдағы уақытта Логвиненко көрсеткішін жақсартып, алдыңғы қатарға жылжи беруі мүмкін.