ӘЧІ-2018 іріктеу кезеңі аясында Испания құрамасы Македонияны 4:0 есебімен ұтты. Осы матчтың 85-минутында Ариц Адурис доп соғып, Испания құрамасы тарихындағы ең «қарт» гол авторы атанды. Сол күні Адуристің дүниеге келгеніне 35 жас, 275 күн толған-ды.
Бұрынғы рекорд Хосе Мария Пенья есімді футболшыға тән болатын. Ол 1930 жылы Португалия қақпасына 35 жас, 225 күн дегенде гол енгізіпті.
Адурис — бағы кештеу ашылған шабуылшы. Ол Испания құрамасы сапындағы алғашқы матчын 29 жасында ғана өткізді.
Ал Қазақстан құрамасы сапындағы ең «қарт» гол Самат Сымақовқа тиесілі. Ол 2014 жылдың 16 қарашасында Түркия қақпасына (Түркия — Қазақстан — 3:1) пенальтиді дәл соқты. Бұл күні Саматтың дүние есігін ашқанына 35 жыл, 11 ай, 8 күн толған еді.