Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Серж Гнабри Сан-Марино қақпасына 3 гол соғып (Сан-Марино — Германия — 0:8), 40 жыл бұрынғы рекордты қайталады. Гнабри құрама сапындағы тұңғыш матчын өткізген-ді.

1976 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы Югославияға қарсы матчта Дитер Мюллер де хет-трик жасап, өзінің құрамадағы дебютін мəңгі есте қалдырған-ды. Гнабри осы табысты қайталап отыр.

21 жастағы футболшы Бременнің «Вердер» командасында ойнайды.

Бұл туралы Германия футбол одағының сайты хабарлады.