Еуро-2020 іріктеу кезеңін Қазақстан құрамасы 21 наурызда «Астана-Аренада» бастайды. Бұл күні Михал Билек шәкірттері Шотландия құрамасын қабылдайды. Бұған дейін ұлттық құрама деңгейінде Қазақстан мен Шотландия кездесіп көрген емес.

24 наурызда Астанаға Ресей құрамасы келеді. Бұған дейін солтүстіктегі көршімізбен құрама деңгейінде екі кездесу өткіздік:

23.05.2008 ж. Мәскеу. Жолдастық кездесу (ЖК). Ресей – Қазақстан – 6:0 (Погребняк, 26-пенальтиден, Быстров, 45+1, Зырянов, 59, Біләлетдинов, 85-пенальтиден, Торбинский, 89, Сычев, 90+2)

31.03.2015 ж. Мәскеу. ЖК. Ресей – Қазақстан – 0:0

Қазақстан мен Ресей енді тұңғыш рет ресми ойын өткізбек.

Осы кездесулер қарсаңында М.Билек құрамаға шақырылған ойыншылар тізімін жариялады: Начало формы

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат», құрама сапында 14 кездесу өткізді, өз қақпасына 22 гол жіберді), Дмитро Непогодов («Ордабасы», 1, -2), Игорь Щацкий («Шахтер», 0);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана», 23), Юрий Логвиненко («Астана», 49, 5 гол соқты), Дмитрий Шомко («Астана», 38, 2), Евгений Постников («Астана», 7), Ян Вороговский («Қайрат», 3), Елдос Ахметов («Қайрат», 13), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат», 25, 2), Темірлан Ерланов («Ордабасы», 0), Сергей Малый («Ордабасы», 29);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов («Астана», 21, 1), Юрий Перцух («Астана», 3), Бауыржан Исламхан («Қайрат», 35, 2), Исламбек Қуат («Қайрат», 22, 3), Георгий Жуков («Қайрат», 10), Бақтияр Зайнутдинов («Ростов», Ресей, 9, 3), Максим Федин («Тобыл», 4), Александр Меркель («Хераклес», Голландия, 1);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана», 18, 3), Алексей Щеткин («Ордабасы», 27, 1), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл», 10, 3), Еркебұлан Сейдахмет («Левски», Болгария, 6, 2).

Ақпан айында Молдовамен өткен бейресми кездесуге осы тізімнен 9 футболшы қатысты. Билек жарақаты бар Сүйімбаевты, Исламханды, Жуковты, Ахметовті, Голландия чемпионатында тұрақты ойнап жүрген Меркельді шақырыпты. Меркель Қазақстан азаматтығын толық шешсе ғана, құрама сапында ойнай алады. Ал қосалқы тізімге Владимир Плотников («Қайрат»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Александр Соколенко, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен (бәрі «Қайраттан»), Марат Быстров («Ордабасы»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Аслан Дарабаев («Ертіс»), Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь) еніп отыр.

Ал Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов бұл жолы құрамаға тұңғыш рет В.Караваевті шақырды. ЦСКА сапында нәтижелі ойнап жүрген Ф.Чалов та Қазақстанға қарсы ойнауы мүмкін. Толық тізім мынадай: қақпашылар – Гильерме («Локомотив»), Андрей Лунев («Зенит»), Антон Шунин («Динамо»); қорғаушылар – Максим Беляев («Арсенал», Тула), Георгий Джикия, Илья Кутепов («Спартак»), Вячеслав Караваев («Витесс» Голландия), Федор Кудряшов («Ыстамбұл», Түркия), Андрей Семенов («Ахмат»), Кирилл Набабкин, Марио Фернандес, Георгий Щенников (бәрі ЦСКА-дан); жартылай қорғаушылар – Илзат Ахметов (ЦСКА), Юрий Газинский («Краснодар»), Александр Головин («Монако», Франция), Роман Зобнин («Спартак»), Владислав Игнатьев, Алексей Миранчук, Антон Миранчук (бәрі «Локомотивтен»), Алексей Ионов («Ростов»), Далер Кузяев, Магомед Оздоев («Зенит»), Денис Черышев («Валенсия», Испания); шабуылшылар – Артем Дзюба («Зенит»), Федор Смолов («Локомотив»), Федор Чалов (ЦСКА).