Бокстан әлем чемпионаты
Гамбург. Германия
Екінші жарыс күні (26 тамыз)

52 келі. Азамат Исақұлов — Ким Ин Кю (Оңтүстік Корея) — 0:5 (27:30, 28:29, 28:29, 28:29, 27:30)

60 келі. Әділет Құрметов — Отар Ераносян (Грузия) — 2:3 (30:27, 28:29, 28:29, 29:28, 28:29)

69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Уәлид Саид Мұхаммед (Египет) — 5:0 (30:27, 30:27, 30:27, 30:27, 30:27)
28 тамызда А.Жүсіпов италиялық Винченцо Манжиакапремен 1/8 финалда кездеседі.

Мырзағали Айтжанов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:
— Құрметовтің қарсыласы өте мықты. Жекпе-жек щиеленісті болды. Екі боксшы да жеңіске лайық, дегенмен грузин боксшысының соққылары сапалырақ болды. Құрметов аз соққы жұмсаған жоқ, дегенмен грузиялық қарсыластың қапталдан жұмсаған соққылары дәл тигенін мойындауымыз керек. Әділет жеңіс үшін барын салды, бірақ жеңу мүмкіндігін уысынан шығарып алды.
Азаматтың қарсыласы — Азиядағы үздік боксшылардың бірі. Біздің жауынгерге тың күш жетпеді. Екі боксшымыз да өз мүмкіндігін толық көрсете алған жоқ.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here