Грузия – Қазақстан – 2:1 (Меребашвили, 59, Чакветадзе, 84 – Өміртаев, 90)
Осы матчта Қазақстан құрамасы өз тарихында тоқсан тоғызыншы рет жеңілді.
Жалпы, 1992 жылдан бері отандастарымыз 191 кездесу өткізсе, соның 45-інде (23,56%) жеңіске жетті, 47 ойынды (24,61%) тең нәтижемен аяқтады, 99 рет (51,83%) жеңілді. Демек, ұлттық құрама өзі өткізген матчтардың тең жартысынан астамын сәтсіздікпен аяқтаған.
Қазақстан құрамасы осы 99 матчта мына құрамалардан жеңілді: Түркия – 6 рет, Армения, Польша, Дания, Германия, Украина – 4 рет, Сирия, Қаратау, Грекия, Португалия, Грузия – 3 рет, Латвия, Өзбекстан, Әзербайжан, Австрия, Бельгия, Жапония, Беларусь, Финляндия, Фарер, Молдова, Англия, Иран, БАӘ, Ливан, Хорватия, Сауд Арабиясы, Чехия, Кипр, Қытай, Ирландия, Голландия, Швеция, Қатар, Болгария, Албания – 2 рет, Ресей, Оңтүстік Корея, Исландия, Румыния, Венгрия, Иордания, Вьетнам, Сербия – 1 рет.
УЕФА-ға мүше 32 құрамадан, АФК-ға мүше 12 құрамадан жеңілді.
Ең ірі жеңіліс екеу: Түркия – 0:6, Ресей – 0:6.
Осы 99 кездесуде Қазақстан құрамасы 13 түрлі есеппен жеңілді.
Ең көп кездескен есеп – 1:2 (23 рет). 19 рет — 0:3, 13 рет – 0:1, 11 рет – 0:2 және 1:3, 9 рет – 0:4, 3 рет – 1:5 және 1:4, 2 рет – 2:3 және 0:6, 1 рет – 2:4 және 0:5 есептерімен жеңілді.
Байқап отырғандарыңыздай, 37 ойында ойсырай жеңілген.
Түркия құрамасы Қазақстанды 6 ретте де ресми ойындарда жеңді. Польша, Дания, Германия және Украина құрамалары да ресми кездеслердің бәрінде біздің құраманы тізе бүктірді.
Германия және Қаратау құрамалары барлық кездесуде Қазақстанды ойсырата жеңген. Германия – 4 рет (доп айырмасы – 1:14), Қаратау – 3 рет (0:11).
Еузебиуш Смолярек (Польша), Фатих Текке (Түркия), Сергей Назаренко (Украина), Тимофей Калачев (Беларусь) Қазақстан құрамасына ресми кездесулерде 4 доптан соғып, командаларының жеңісіне еңбек сіңірді.
Келесі жеңіліс Қазақстан құрамасы тарихындағы жүзінші сәтсіздік болмақ.