Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) премьер-лиганың  13 турының ең үздік голын анықтады. Дәстүрлі сауалнама ҚКФЛ-дың ресми сайтында жүргізілді. Жанкүйерлер 12 голдың ішінен ең үздігін таңдады.

Ең қызығы, турдың ең үздік голдарының үшеуі де бір мачтан болып шықты. «Қайрат» — «Ақтөбе» кездесуінің 15 минутында «ақтөбелік» Маркос Пизеллидің тура соққан айып добы 49% дауыс жинаса, екінші орында – осы матчтағы Уго Силвейраның жеңіс голы, ал үшінші орында – Бауыржан Исламханның есеп ашқан дәл соққысы.

Сауалнама қорытындысы:
1. Маркос Пиззеллидің бірінші голы («Қайрат» — «Ақтөбе») — 49% дауыс;
2. Уго Силвейраның голы ((«Қайрат» — «Ақтөбе») — 35%;
3. Бауыржана Исламханның голы ((«Қайрат» — «Ақтөбе») — 8%.

Естеріңізге сала кетейік, М.Пизелли биыл айып добын қақпада бірден тулатқан  бесінші футболшы болып отыр. Оған дейін Д.Кояшевич («Шахтер»), М.Томасов («Астана»), П.Твумаси («Астана») және Б.Тұрысбек («Тобыл») айып доптарын дәл енгізді.

Пизелли осы матчта Қазақстан премьер-лигасындағы 17 және 18 голдарын соқты.

(fc-aktobe.kz фотосы)