«Жақұт лига» кезеңі
Цюрих. 24 тамыз
Үш секіру. Әйелдер
Ольга Рыпакова 2017 жылғы «Жақұт лиганың» жеңімпазы атанды. Цюрихте биылғы лига бойынша жеңіл атлетиканың 16 түрінен финалдық кезең өтті. Ольга Рыпакова өзінің ең сәтті мүмкіндігінде 14,55 метрге секіріп, негізгі қарсыластары Юлимар Рохас (Колумбия) және Катерина Ибаргеннің (Венесуэла) алдын орап кетті.
Биыл өзгерген ереже бойынша, «Жақұт лиганың» алдыңғы кезеңдерінде жинаған ұпайлардың бәрі финалдық кезеңде 0-ге айналдырылып, финалда ең жақсы нәтиже көрсеткен спортшы осы мәртебелі турнирдің жеңімпазы атануға тиіс еді. Бұған дейінгі 4 кезеңнің үшеуін — К.Ибарген (Рабат, Монако, Бирмингем), біреуін — Рохас (Рома) ұтып алды. Шешуші кезеңге Ибарген — 30, Рохас — 24, Рыпакова 21 ұпаймен жетті.
Цюрихтегі финалда Рыпакова өте сенімді өнер көрсетті. Ол 6 мүмкіндікті де сәтті пайдаланды:
Рыпакова бұған дейін «Жақұт лигада» 2012 жылы жеңімпаз атанды. Содан бергі 4 жылда К.Ибарген қарасын көрсетпеді. 2016 жылы Ольга екінші орын алған болатын. Биыл ол «Жақұт лига» жеңімпазы ретінде 50 мың АҚШ долларын иеленеді.
Рыпакованың биылғы нәтижелері:
1. 08.06.2017 ж. Рома (Италия). Жақұт лига. 14,64 м — ІІІ орын
2. 16.07.2017 ж. Рабат (Марокко). Жақұт лига. 14,20 м — IV орын
3. 21.07.2017 ж. Монако (Монако). Жақұт лига. 14,12 м — VI орын
4. 07.08.2017 ж. Лондон (Ұлыбритания). Әлем чемпионаты. 14,77 м — ІІІ орын
5. 20.08.2017 ж. Бирмингем (Ұлыбритания). Жақұт лига. 14,29 м — ІІІ орын
6. 24.08.2017 ж. Цюрих (Швейцария). Жақұт лига. 14,55 м — І орын