Қазақстан премьер-лигасы
14 тур. 27-28 мамыр
«Ақтөбе» — «Ертіс» — 1:2 (Зенькович, 73 — Ткачук, 56, Фонсека, 87)
«Ертіс» командасының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория бұл кездесуде Қазақстан премьер-лигасындағы 350-матчын өткізді.
Тұңғыш матчын ол 16 жасына екі ай жетпей, 1997 жылдың 2 қыркүйегінде «Автомобилист» (Шортанды) сапында «Елім-айға» қарсы өткізді — 2:4.
350 матчты Лория мына командалар сапында өткізді:
1. «Автомобилист» (Шортанды), 1997. 1 матч (-4 гол)
2. «Астана»-1964/»Жеңіс» (Астана), 1998-2002, 2006. 81 (-63)
3. «Есіл» (Көкшетау), 2003. 7 (-5)
4. «Шахтер» (Қарағанды), 2004-2005,. 110 (-91)
5. «Локомотив» (Астана), 2009. 12 (-11)
6. «Ертіс» (Павлодар), 2010-2012, 2015-… 123 (-133)
7. «Қайрат» (Алматы),. 16 (-19)
350 ойында Давид 326 гол жіберді.
Қазақстаннан бөлек, Лория «Хальмстад» (Швеция), Спартак (Нальчик, Ресей), «Ризеспор» және «Каршыякаспор» (Түркия) командаларында ойнады.
Қазақстан чемпионаттарында көп ойын өткізген қақпашылар:
1. Давид Лория — 350 матч;
2. Олег Воскобойников — 338;
3. Даниил Рихард — 322+7 (алаңдағы ойыншы ретінде);
4. Сергей Бойченко — 292;
5. Юрий Новиков — 291;
6. Александр Мокин — 286.