Қазақстан премьер-лигасы
10 тур. 2 мамыр
«Ертіс» — «Ордабасы» — 0:1 (Фонтанелло, 75)
«Ордабасы» командасы осы турды қоса алғанда 13 гол соқса, соның төртеуін айып соққыларынан енгізіпті. Мұндай көрсеткіш әзірше ешбір командада жоқ. 4 голдың үшеуін М.Төлебек «Астана», «Атырау» және «Тараз» қақпасына тікелей соққымен дәл тепсе, осы турдағы «Ертіспен» кездесуде жеңіс тағдырын П.Фонтанеллоның тура соққысы шешті.
Әзірше «Ордабасыны» өкшелеп келе жатқан ешбір команда жоқ. Б.Исламхан («Қайрат»), Б.Байтана («Ақтөбе»), Н.Максимович («Атырау») және С.Граховац («Астана») бір-бір рет айып соққыларын тура енгізді.