Қазақстан премьер-лигасы
9 тур. 29 сәуір
«Қайрат» — «Ақжайық» — 4:1

Бұл кездесуде «Қайраттың» қақпасын О.Грубов қорғады. Ол — биылғы маусымда оңтүстікастаналықтардың сапында алаңға шыққан төртінші қақпашы.

Негізгі қақпашы міндетін бұған дейін В.Плотников пен С.Покатилов кезек атқарып жүрген-ді. Алайда «Ордабасымен» 16 сәуірдегі кездесуде (3:0) Плотников жарақаттанып, Покатилов толықтай қақпа кілтін қолына алды. Бірақ келесі, 8-турдағы «Ертіс» — «Қайрат» кездесуінің 22 минутында Стас та қатты жарақаттанып,  жас қақпашы В.Грошевпен алмастырылды. Грошев нәтижелі матчта (3:3) 2 гол жіберді. Міне, енді 9-турда тағы жаңа қақпашы алаңға шықты.

Бірақ «Қайраттың» осы 4 қақпашысы да биылғы маусымда өздері қорғаған қақпаға гол жіберіп алды.

Биыл 4 қақпашысы алаңға шыққан әзірше басқа команда жоқ. Өткен маусымда «Қайраттың» бүгінгі қарсыласы «Ақжайық» Н.Қалменов, Р.Багаутдинов, С.Остоич және Д.Төлебаев сияқты қақпашыларды пайдаланып көрді.

fckairat.com фотосы