Чемпиондар лигасы. 1/8 финал
Қарымта матчтар

«Ювентус» — «Порту» — 1:0 (Дибала, 42-пенальтиден). Бірінші матч — 2:0
«Лестер» — «Севилья» — 2:0 (Морган, 27, Олбрайтон, 54). Бірінші матч — 1:2

«Лестер» қақпашысы Каспер Шмейхель 80 минутта Стивен Н’Зонзидің пенальтиін қайтарып, өз командасының ширек финалға шығуына зор үлес қосты. Қызығы, ол Севильяда өткен алғашқы кездесуде де Хоакин Корреа тепкен пенальтиді енгізбеген болатын.
Осылайша, Шмейхель командалардың өзара текетіресіндегі екі кездесуде де пенальти қайтарған алғашқы қақпашы болып отыр.
Каспер өз әкесі Петер Шмейхельді де осы көрсеткіш бойынша қуып жетті. Петер «Манчестер Юнайтед» сапында Чемпиондар лигасында 2 пенальтиге тосқауыл қойған болатын. Баласы әкесіне қарағанда бұл нәтижеге жылдам қол жеткізді.
Ал соңғы 3 жылда Еуропа лигасында дара шыққан «Севилья» биыл еурокубок ұтып алу мүмкіндігінен айырылды.
«Ювентус» «Портуды» жеңіп, өз алаңындағы жеңіліссіз матчтар сериясын 21 матчқа (12 жеңіс, 9 тең ойын) жеткізді.
Туриндік клуб биылғы Лиганың 6 кездесуінде өз қақпасына гол жіберген жоқ. Бұл көрсеткіш бойынша «Ювентус» көш бастап келеді. Топтық турнирде «Динамоны» (Загреб, Хорватия) 2 кездесуде де таза ұтты — 2:0, 4:0, «Лионды» 1:0 есебімен жеңді, Севильямен тең ойнады (0:0). Ал «Портудан» бірінші кездесуде 2:0 есебімен басым түскен болатын.