Қазақстан премьер-лигасы. 2 тур
12 наурыз
«Тобыл» — «Ақтөбе» — 0:0
«Қайсар» — «Тараз» — 2:1 (Аржанов, 34, Нтибазонкиза, 71 — Мұхаметшин, 15)
«Ертіс» — «Астана» — 1:1 (Ткачук, 30 — Мұжықов, 14)
«Ордабасы» — «Атырау» — 1:1 (Төлебек, 90+4 — Обшивац, 84)
«Ақжайық» — «Шахтер» — 3:1 (Рубио, 2, Азука, 8-пенальтиден, 72 — Тәжімбетов, 69)
«Қайрат» — «Оқжетпес» — 2:2 (Маркович, 34, Аршавин, 83 — Козлов, 19, Волков, 90+4-пенальтиден)
***
«Қайсар» — екі турда ұпай жоғалтпаған жалғыз команда. Қызылордалықтар 1 турда өз алаңында «Оқжетпесті» 1:0 есебімен ұтқан болатын.
***
Турдағы 4 ойын тең нәтижемен аяқталды. Ең қызығы, биылғы біріншілік 2016 жылғы маусымды айна-қатесіз қайталап келе жатқан секілді. Екі маусымда да алғашқы турда алаң иелері 6 ойынның бесеуінде жеңіске жетіп, 1 кездесуді тең аяқтаса, 2-турда 4 тең ойын , 2 жеңіс тіркеліп отыр. Бірақ биылғы доданың басты ерекшелігі — 2-турда алаң иелерінің екеуі жеңіске жетті. Өткен жылы 2 жеңісті де қонақтар олжалаған болатын.
***
ІІ турда премьер-лигада ұпай алмаған команда қалған жоқ. 2016 жылы «Ақжайық» алғашқы 2 турда да ұтылды. Бірақ биыл «Атырау» 9 ұпайға айыпталуына байланысты, әлі біраз уақыт «минуста» қала береді. Шымкенттегі тең ойын арқасында қазір «мұнайшылардың» көрсеткіші -8 ұпай болып тұр.
***
«Ордабасының» жартылай қорғаушысы, Қазақстан құрамасының мүшесі Мардан Төлебек 90+2 минутта айып соққысын дәл теуіп, есепті теңестірді. Ол өткен жылдан бері осымен қатарынан 5 (бесінші) айып соққысын голға айналдырып отыр. Биыл алғашқы турда Мардан «Астана» қақпасын 14 минутта дәл көздеп, есеп ашты.
***
2-турда 4 команда жеңісті ұстап тұра алмады. «Тараз» Қызылордада есеп ашқанмен, жеңісті алаң иелеріне беріп қойды. «Атырау» соңғы минуттарда Төлебектің соққысын қақпасына дарытып алып, Шымкенттен жалғыз ұпаймен қайтты. «Астана» Павлодарда есеп ашып, артынша қарымта гол жіберді. Ал «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен ұтып жатып, шешуші голды пенальтиден өткізіп алды.
***
«Қайсар» биылғы маусымда жігерлі жеңіске қол жеткізген алғашқы команда болды. 2016 жылы 1-турда «Астана» «Шахтерден» гол жіберіп алып, артынша қарымта екі доп соғып, жеңіске жеткен еді.
***
1-турда шетелдік 2 легионер (Живкович пен Николич) Қазақстандағы алғашқы доптарын соқса, 2-турда 5 жаңа футболшы (Козлов, Мұхаметшин, Нтибазонкиза, Обшивац, Ткачук) көзге түсті. Жалпы, 2-турдағы 15 голдың 12-сі — легионерлер еншісінде. Қазақ футболының 3 түлегі ғана (Мұжықов, Тәжімбетов және Төлебек) осы турда мергендігімен көзге түсті.
***
Бұл турда 2 футболшы (Горбанец — «Тараз», Ахметов — «Қайрат») алаңнан қуылды. Ахметов өз спорттық ғұмырында алаңнан 6 (алтыншы) рет қуылып отыр.
***
«Ақжайық» шабуылшысы Изу Азука Қазақстанның үшінші командасының сапында гол соғып отыр. Ол 2015 жылы «Ертістің» және «Тараздың» намысын қорғап, 4 гол авторы атанған еді.
***
«Оқжетпес» өткен жылы да «Қайратпен» алғашқы кездесуін тең (1:1) нәтижемен аяқтаған болатын. Бірақ содан кейінгі 3 кездесуде де (1:3, 0:6, 0:5) жеңілді. Биыл сол «дәстүрге» адалдық таныта ала ма?