Сан-Марино — Германия (0:8) матчында Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лөв жаңа рекорд жасады.

Ол ұлттық құраманың бас бапкері ретінде 95 (тоқсан бесінші) жеңісіне қол жеткізіп, Зепп Гербергер көрсеткішінен асып түсті.

Германия құрамасын 100 жылдан астам тарихында 10 бапкер ғана жаттықтырды. 1908-1926 жылдар аралығында бұл құрама ГФА комитетінің басшылығында болды.

Бундестим бас бапкерлерінің көрсеткіші мынадай:

Табыс көрсеткіші бойынша Лөв Гельмут Шөннен ғана қалып келе жатыр. Қуып жету үшін енді бір мундиальдің қола жүлдесіне қол жеткізіп, Еуропа чемпионатында алтыннан алқа тағынуға тиіс.

Лөвтің Германия құрамасымен келісім-шарты 2018 жылғы әлем біріншілігінің соңында аяқталады.