Қазақстан премьер-лигасы. 32 тур
«Жетісу» — «Ақжайық» — 0:2
Талдықорғанның «Жетісу» соңғы турда өз алаңында бірден-бір бәсекелесі «Ақжайықтан» 0:2 есебімен ұтылып, премьер-лигамен қош айтысты.
«Жетісу» соңғы рет премьер-лигаға 10 жыл бұрын оралған болатын. 2006 жылғы маусымның қорытындысы бойынша талдықорғандықтар І лига жеңімпазы атанып, үздіктер қатарына қосылды.
Премьер-лигадағы 10 жыл ішінде «Жетісу» 1 рет вице-чемпион (2011 жыл) атанды;
— 2 рет үздік бестіктен (2007, 2009) көрінді;
— Еурокубоктарға 2 рет қатысты: 2008 жылы Интертото кубогының алғашқы кезеңінде «Гонведтен» (Венгрия) ұтылды — 2:4, 1:2, 2012 жылы Еуропа лигасының І іріктеу кезеңінде «Лехке» (Польша) жол берді — 0:2, 1:1.
— Осы 10 жыл ішінде «Жетісу» сапынан ұлттық құрамаға Андрей Травин (2009 жыл, 1 матч), Денис Родионов (2010, 1), Владимир Логиновский (2011 — 1, 2012 -1), Сергей Скорых (2011, 1), Серікжан Мұжықов (2011 — 4, 2012 — 1), Сергей Остапенко (2011, 8 матч, 2 гол) шақырылды. 2014-2015 жылдары «Жетісу» ұлттық құрамаға бір де бір өкілін жіберген жоқ. Биыл Ілияс Әмірсейітов құраманың қыркүйек-қазан айларындағы жиынына қатысты, алайда дебюті кешігіп жатыр;
— 10 жылдан бері «Жетісуды» В.Линчевский (2007), Э.Глазунов (2008), И.Карп (Румыния, 2008), В.Талғаев (2009), Ю.Коньков (2010), А.Қожабергенов (2011, 2012, 2014, 2015), С.Крчмаревич (Сербия, 2012), О.Тетрадзе (Ресей, 2013, 2014), И.Азовский (2015), А.Құлшынбаев (2016) сияқты бапкерлер жаттықтырды.
— 2011 жылы «Жетісудың» өзбекстандық шабуылшысы Ұлықбек Бақаев 18 гол соғып, чемпионаттың бас мергені атанды;
— Əр жылдары «жетісулық» И.Перич (2009, 14 гол, біріншіліктің үшінші мергені), Д.Белич (2010, 13, V), Е.Юнузович (2012, 8, V), Д.Савич (2015, 14, ІІ) мергендер сапынан көрінді.