Бельгия құрамасының шабуылшысы Кристиан Бентеке Ресей-2018 іріктеу кезеңі аясында Гибралтар құрамасының қақпасына (6:0) небары 7 секундта гол соғып, әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты. Бұған дейін әлемдік мундиальдардың іріктеу және финалдық кезеңдерінде де дәл осындай жылдам гол енгізілмеген болатын.
Бұрынғы рекорд 23 жыл өмір сүрді. Сан-Марино құрамасының шабуылшысы Давиде Гвалтьери 1993 жылы Англия құрамасының қақпасын 8 секундта дәл көздеген-ді. Ал әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіндегі ең жылдам гол иесі — түрік Хакан Шүкір. Ол 2002 жылғы мундиальда, қола медаль үшін матчтың 11 секундында Оңтүстік Корея құрамасының қақпашысы Ли Вун Жаны қапы қалдырды.