Боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 келі) қатарынан екінші рет олимпиада финалына шықты. 2012 жылы ол жартылай финалда украиналық Александр Гвоздиктен басым (+13:13) басым түссе, биыл Джошуа Буатсиді (Ұлыбритания) 3:0 есебімен жеңді. Үш төреші де отандасымыздың басым болғанын растады – 29:28, 29:28, 29:28.
Жекпе-жектен кейінгі сұхбатында Әділбек бұл сынға бапкерлердің өте дұрыс тактика таңдағанын атап өтті. «Бапкерлер алғашқы екі раундта тік тұрып айқасып, ұпай жинап алуды тапсырды. Соңғы руандта ғана жылдам қимылдап, аяқты іске қосып, артықшылықты ұстап тұруға тырыстым» деді Әділбек.
Ә.Ниязымбетов — олимпиадалардың финалына қатарынан екі рет шыққан екінші боксшымыз. Болат Жұмаділов 1996 жылы — Атланта олимпиадасының, 2000 жылы Сидней олимпиадасының финалына шықты.
Әділбек олимпиада финалында кубалық Хулио Сезар Ла Круспен жұдырықтасады. Бұл боксшы 2011 және 2013 жылғы әлем чемпионаттарының ақтық сынында Ниязымбетовтің жолын кескен. 2011 жылы Бакуде Ла Крус отандасымызды 17:13 есебімен жеңді. Екі жылдан кейін Алматыда 2:1 есебімен басым түсті.
Хулио Сесар Ла Крус – әлемнің 3 дүркін чемпионы (2011, 2013, 2015), Панамерика ойындарының 3 дүркін жеңімпазы, Орталық Америка және Кариб аймағы ойындарының чемпионы.
Ол Лондон олимпиадасының ширек финалында бразилиялық Ямагучи Фалькаодан 15:18 есебімен ұтылып, жүлдеге іліне алмаған болатын.