Қазақстан премьер-лигасы
12 тур. 14 мамыр
«Астана» — «Ертіс» — 2:0 (Муртазаев, 13, Жалмұқан, 79)
Орал футболының жəне «Намыс» командасының түлегі Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан чемпионаттарында 500 ойын өткізген алғашқы футболшы болды. Ол «Астана» — «Ертіс» кездесуінің 81 минутында алаңға Пірəлі Əлиевтің орнына шықты.
Қазақ футболының қазіргі бас мергені Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылдың 11 мамырында Орал қаласында дүниеге келген.
Футболдағы ғұмыры:
1. «Уралец» (Орал) — 1997-1998. 13 матч
2. «Жетісу» (Талдықорған) — 1999. 24
3. «Тобыл» (Қостанай) — 2000-2010,. 428 матч, 156 гол
4. «Астана» (Астана) — 2011. 31-10
5. «Ертіс» (Павлодар) — 2017. 4-0
Табыстары:
Қазақстан чемпионы (2010)
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2003, 2005, 2007, 2008)
Қазақстан кубогының иегері (2007)
Қазақстан суперкубогының иегері (2011)
Интертото кубогының жеңімпазы (2007)
Қазақстанның үздік футболшысы (2005, 2010)
Қазақстан құрамасы сапында 57 ойын өткізіп, 7 гол соқты.
Нұрбол Жұмасқалиев — тәуелсіз қазақ футболының бас мергені. Ол жоғары деңгейлі турнирлерде 184 гол соқты. Оның ішінде:
Қазақстан чемпионаттары — 166 гол
Қазақстан кубогы — 4
Ұлттық құрама — 7
Еурокубоктар — 7.
Ел чемпионаттарында көп ойын өткізетін футболшылар «Жейлетбаев клубына» мүшелікке қабылданады. Серік Жейлетбаев бұған дейін бірінші болып 400 рет алаңға шыққан болатын.
Қазақстан чемпионаттарының рекордшылары:
1. Нұрбол Жұмасқалиев — 500 ойын;
2. Серік Жейлетбаев — 457;
3. Самат Сымақов – 437;
4. Руслан Гумар — 424;
5. Данияр Мұқанов — 418;
6. Максим Самченко — 417;
7. Қайрат Әшірбеков – 399;
8. Ерлан Елеусінов — 398;
9. Нұркен Мазбаев — 397.
10. Игорь Юрин – 397.
Қазір ойнап жүрген футболшылар ішінде И.Юрин мен Қ.Әшірбеков 400 матчтық межені жуық арада бағындырады.