Қазақстан премьер-лигасы
11 тур. 6 мамыр
«Атырау» — «Қайрат» — 2:1 (Вороговский, 26-автогол, Двалишвили, 49 — Тұрысбек, 90+6)
«Қайраттың» биылғы жеңіліссіз матчтар сериясы 12-ойында тұжырылды. Алматылықтар бұл маусымда бірінші жеңілісті «Атыраудан» арқалап қайтты. Бұған дейін 11 турда «Қайрат» 4 рет жеңіп, 7 рет тең түскен болатын.
2016 жылы «Қайрат» 5 мамыр-28 тамыз аралығында 16 ойында (9-24 тур аралығы) мүлде жеңілмей, маусымның рекордын жасаған болатын. Алматылықтар 14 ойында жеңіп, 2 рет қана тең ойнады. 25 турда Шымкентте «Ордабасыдан» 1:2 есебімен ұтылған соң, «Қайрат» 26-32 тур аралығында да жеңіліс дәмін татқан жоқ. Осы 7 матчты биылғы 11 ойынға қоссақ, «Қайрат» 18 ойында жеңілмеген болып шығады. Дегенмен бұл нәтиже соңғы 10 жылдағы рекордқа жетпейді:
1. «Ақтөбе» — 19 ойын. 7 наурыз-5 шілде, 2015 жыл (11 жеңіс, 8 тең ойын)
2. «Қайрат» — 18 ойын. 10 қазан-2 мамыр, 2016-2017 (10 жеңіс, 8 тең ойын)
3. «Қайрат» — 17 ойын. 24 мамыр-17 қазан, 2015 жыл (13 жеңіс, 4 тең ойын)
4. «Астана» — 17 ойын. 28 мамыр-1 қараша, 2014 жыл (11 жеңіс, 6 тең ойын)
5. «Қайрат» — 16 ойын. 5 мамыр-28 тамыз, 2016 жыл (14 жеңіс, 2 тең ойын)
6. «Тобыл» — 16 ойын. 16 мамыр-25 қазан, 2009 жыл (11 жеңіс, 5 тең ойын)
7. «Тобыл» — 16 ойын. 31 мамыр-21 шілде, 2008 жыл (10 жеңіс, 6 тең ойын)
8. «Локомотив» — 15 ойын. 17 маусым-27 қазан, 2010 жыл (8 жеңіс, 7 тең ойын)
9. «Ақтөбе» — 13 ойын. 22 тамыз-17 наурыз, 2010-2011 (11 жеңіс, 2 тең ойын)
Ал вице-чемпионның биылғы рекордын «Астана» тез арада жаңартуы мүмкін. Елордалықтар биыл І турда «Ордабасыдан» ойсырай (0:3) ұтылған соң ешбір ойында жеңіліс дәмін татқан жоқ.
rfcatyrau.kz фотосы