Қазақстан премьер-лигасы
10 тур. 2 мамыр
«Атырау» — «Қайсар» — 1:0 (Нов.Максимович, 49-пенальтиден)

«Қайсар» қақпашысы Александр Григоренко биыл премьер-лигада екінші матчын өткізіп, екеуінде де пенальтиден гол жіберуге мәжбүр болды. 9 турдағы «Қайсар» — «Астана» матчының 75 минутында ол алаңнан қуылған Марсель Исламқұловтың орнын басып, Роман Муртазаев тепкен пенальтиді тоса алмады.

Ал 10 турда Григоренко айып алаңында Марат Хайруллинді шалып шығып, шешуші голды пенальтиден жіберіп алды.

Соңғы 5 жылды Григоренкоға пенальти тым үйірсек. 2011-12 маусымдарын ол «Шахтер» сапында қосалқы қақпашы ретінде өткізді де, 2013 жылы «Ордабасыға» ауысты. Содан бері Григоренко қорғаған қақпағаларға мұнша пенальти белгіленді:

2013 жыл. «Ордабасы». 2 пенальти — қайтарылғаны 0
2014 жыл. «Ордабасы». 3-1
2015 жыл. «Тараз». 1-0
2016 жыл. «Тараз». 6-1
2017 жыл. «Қайсар» — 2-0

Сонда 5 жыл ішінде А.Григоренко 14 пенальтидің екеуін қайтарған.