Қазақстан премьер-лигасы
7 тур. 16 сәуір
«Оқжетпес» — «Астана» — 0:3 (Мұжықов, 61, Граховац, 64-пенальтиден, Муртазаев, 79)

Ойынның 45-минутында «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабананга пенальти соға алмады. Ол әуеге тепті. Бұл — биылғы маусымда енгізілмеген алғашқы пенальти.

7 турдағы 43 кездесуде (алдын ала өткізілген 18 турдың 2 матчын қосқанда) қақпаларға 8 пенальти белгіленді. Соның жетеуі соғылды. Ж.Кабананга бір тур бұрын «Ақтөбе» қақпасына белгіленген пенальтиді дәл соққан болатын.

В.Волков («Оқжетпес») — «Қайрат» қақпасына, И.Азука («Ақжайық») — «Шахтерге», Нов.Максимович («Атырау») — «Ақжайыққа», С.Живкович («Ертіс») — «Ақжайыққа», С.Николич («Қайсар») — «Оқжетпеске», С.Граховац («Астана») «Оқжетпес» қақпасына белгіленген 11 метрлікті мүлтіксіз енгізді.

Байқағандарыңыздай, әзірше «Оқжетпес» қақпасына пенальти көп (3 рет) белгіленген. Оның екеуі соғылды.

Әзірше ешбір қақпашы 11 метрлікті қайтарған жоқ.