Қазақстан премьер-лигасы
6 тур. 12 сәуір
«Астана» — «Ақтөбе» — 3:0 (Логвиненко, 12, Кабананга, 87-пенальтиден, Жалмұқан, 90+1)

«Астана» командасының орталық қорғаушысы Юрий Логвиненко ерекше нәтижеге қол жеткізіп отыр. Ол «Астана» сапында былтырдан бері 5 гол соқты. Осы оқиғалардың бәрінде ол есеп ашты, яғни, матчтардағы бірінші голдарды соқты.

Осы 5 гол «Астанаға»:
— 4 жеңіс, 1 тең нәтиже әкелді;
— екеуі матчтардағы жалғыз гол болды;
— үшеуі ойынның алғашқы 20 минутында, екеуі соңғы 15 минутында соғылды;
— төртеуі — баспен, біреуі сол аяқпен енгізілді.

Демек, Логвиненко мергендік танытқан ойында «Астана» міндетті түрде ұпай алады дей беруге болады.