Қазақстан премьер-лигасы
6 тур. 12 сәуір
«Атырау» — «Шахтер» — 3:3 (Саломов, 28, Обшивач, 77, Скорых-автогол, 83 — Тәжімбетов, 11, Р.Хайруллин, 30, Өміртаев, 90+1)
«Шахтердің» орталық қорғаушысы Сергей Скорых биылғы чемпионаттағы екінші автоголын соғып отыр. 31 наруыз күні (4 тур) ол «Шахтер» — «Астана» кездесуінің 90+2 минутында өз қақпасына доп соғып, елордалықтарға жеңіс сыйлап жіберген болатын. Бұл жолы Скорыхтың орайсыз қимылы «Шахтерді» жалғыз ұпайдан айыра жаздады. Абырой болғанда, Оралхан Өміртаев 90+1 минутта есепті теңестірді.
Соңғы 10 жылда Қазақстан премьер-лигасында бір маусымда 2 автогол жасаған басқа футболшы болған жоқ.
Екі маусымда өз қақпаларына бір-бір голдан соғып алған 2 футболшы бар:
1. Александр Симчевич («Ордабасы»)
24.05.2015 ж. 13 тур. «Ордабасы» — «Астана» — 1:3 (Симчевич 43 минутта автогол енгізіп, «Астананың» жеңісіне жол ашты — 1:2)
20.03.2016 ж. 2 тур. «Атырау» — «Ордабасы» — 1:1 (Симчевич 90 минутта автогол соқты, «Ордабасы» жеңістен айырылды — 1:1)
2. Виктор Дмитренко («Астана»)
09.03.2013 ж. 1 тур. «Тобыл» — «Астана» — 5:1 (Дмитренко 26 минутта есепті «Тобыл» пайдасына 3:0-ге жеткізді)
24.05.2014 ж. 8 тур. «Қайсар» — «Астана» — 1:0 (Дмитренко 7 минутта соққан автогол матч тағдырын шешті — 1:0)
Биыл соғылған 2 автогол да Скорых еншісінде. Ал соңғы жылдары ең көп автогол тіркелген маусым — 2014 жыл. Бұл маусымда 10 футболшы оқыста өз қақпасын дәл көздеді. 2015 жылы — 7, 2016 жылы 5 автогол соғылды.
Скорыхтың биылғы алғашқы автоголы: