Бүгін футболдан Беларусь чемпионаты басталды. Құрамында қазақстандық легионер Сергей Хижниченко ойнайтын «Шахтер» (Солигор) командасы І турда сырт алаңда «Городеямен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Жеңіс голын отандасымыз Хижниченко 58-минутта пенальтиден соқты. Ол алаңға екінші таймда Лаптевтің орнына шықты.

Ең қызығы, Сергей бұған дейін елімізде пенальтиші ретінде тіпті танылмаған-ды. Беларусьқа барғалы ресми 2 матчқа қатысып, екеуінде де пенальтиді дәл енгізіп отыр. Мұның алдында Хижниченко Беларусь кубогының ширек финалында «Локомотив» командасының қақпасына 11 метрлік айып добын енгізіп, есепті теңестірді. Бұл кездесуде «Шахтер» 2:1 есебімен жеңді. 

«Городеяға» голы — Хижниченконың шеттегі 4-добы. Ол «Корона» (Кельце, Польша) 2 гол соқты. Біреуін — Польша чемпионатында, біреуін Польша кубогында енгізді. Енді, міне, «Шахтер» сапындағы 2 матчта 2 дәл соққы жұмсап отыр.

1 тур
«Городея» — «Шахтер» — 0:1 (Хижниченко, 58-пенальтиден)