Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко жаңа командасының сапындағы алғашқы добын енгізді. Беларусь кубогының ширек финалындағы қарымта кездесуде «Шахтер» өз алаңында Гомельдің «Локомотив» командасын қабылдады. С.Хижниченко ойынға екінші таймнан кірісті, ол шабуылшы Лаптевті алмастырды.

55 минутта «Шахтер» өз қақпасына доп жіберіп алды. Екі минут өтер-өтпестен айып алаңында қонақтардың қорғаушысы қолмен ойнап, пенальти белгіленді. Хижниченко бұл мүмкіндікті қалт жібермей, есепті теңестірді. Матч қорытындысында «Шахтер» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда солигорлықтар «Слуцк» командасымен кездеседі.

Хижниченко «Шахтер» сапында екінші кездесуін өткізді. Мұның алдында ол «Локомотивпен» алғашқы матчта негізгі құрамда алаңға шығып, 72 минутта Сойриге орын босатты.

С.Хижниченко өзінің спорттағы ғұмырында үшінші легионерлік голын соғып отыр. Ол бұған дейін 2013-2015 жылдар аралығында «Корона» (Кельце, Польша) құрамында ойнап, Польша чемпионатындағы 26 кездесуде 1 гол, Польша кубогындағы 1 матчта 1 гол соқты.

Беларусь чемпионаты 1 сәуірде басталады. «Шахтер» 1 турда сырт алаңда «Городея» командасымен кездеседі. 

18 наурыз. Беларусь кубогы. 1/4 финал. Қарымта матч
«Шахтер» (Солигор) — «Локомотив» (Гомель) — 2:1
Голдар: Хижниченко, 55-пенальтиден, Януш, 59 — Клещенок, 55