«Екінші таймда желге қарсы ойнап, қатты қиналдық»
Алексей Еременко, «Шахтер» командасының бас бапкері («Тараз» — «Шахтер» — 0:0):
— Біз өз қыз-келіншектерімізді, «Тараз» өздерінікін қуантқымыз келді. Ақыры, бейбіт тарқастық.
Игорь Рахаев, «Ақтөбе» командасының бас бапкері («Қайрат» — «Ақтөбе» — 1:0):
— Жеңуге тапсырма бердім, бірақ жеңіліп қалдық.
Кахабер Цхададзе, «Қайраттың» бас бапкері («Қайрат» — «Ақтөбе» — 1:0):
— Исламбек Қуат бүгінгі ойынға жарғы талабы бойынша қатыса алмады. Біз Суперкубоктағы қызыл қағаз үшін чемпионаттың ойынына қатыспау керектігін алдыңғы күні ғана білдік.
Игорь Щацкий, «Шахтердің» қақпашысы («Тараз» — «Шахтер» — 0:0):
— Нөлге ойнағанымыз (қақпамызға гол жібермегеніміз) жақсы ғой, бірақ өзіміз гол соға алмағанымыз жаман.
Алексей Петрушин, «Ордабасының» бас бапкері («Ордабасы» — «Астана» — 3:0)
— Бәрі күтті, жеңгенімізді қалады, бірақ есептің осындай болатынын күтпеген сияқты. Әрине, ойын көз арбайтындай әдемі болған жоқ. Мынадай алаңда ойлы ойын көрсету қиын ғой.
Станимир Стойлов, «Астананың» бас бапкері («Ордабасы» — «Астана» — 3:0):
— Нәтижені айтпағанда, мұндай алаңда футбол ойнауға мүлде болмайды дер едім. Егер Федерация қазір инфрақұрылымды жақсарту үшін қандай да бір шешім қабылдамаса, біздің футбол алдағы уақытта жақсы ештеңе күтіп тұрған жоқ. Әрбір командада бір сапасы жақсы алаң жасайтын мүмкіндік бар. Егер ешқандай жағдай болмаса, қандай футбол туралы айтуға болады? Бұлай жалғаса берсе, біздің клубтар еурокубоктардың есігінен де сығалай алмай қалады. Командалар БАӘ-де, Түркия оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келеді, де, алғашқы екі айда сапасын сын көтермейтін алаңдарда немесе қосалқы орындарда ойнайды.
Зоран Вулич, «Атыраудың» бас бапкері («Тобыл» — «Атырау» — 3:0):
— Екінші таймда біз желге қарсы ойнадық, қатты қиналдық. Біздің команда да, қарсыластар да ойынды өте жақсы бастады. Сосын «Тобыл» гол соқты да, біз матч алдында жоспарлағанымызды іске асыра алмадық.
Владимир Муханов, «Оқжетпестің» бас бапкері («Қайсар» — «Оқжетпес»):
— Матч нәтижесі «кім толқынысын тез баса алады?» деген мәселе төңірегінде болды.