Англияның «Арсенал» командасының шабуылшысы Тео Уолкотт 100-голын соқты. Англия кубогының 1/8 финалында «Саттон» командасына қарсы сырт алаңдағы кездесудің 55-минутында Уолкотт есепті 2:0-ге жеткізді.
100 голдың нақты көрсеткіштері мынадай:
63 гол — Ағылшын премьер-лигасы;
17 — Чемпиондар лигасы
11 — Англия кубогы
9 — Ағылшын лигасы кубогы
Тео Уолкотт «Арсенал» сапындағы гол санын 100-ге жеткізген 18-футболшы болып отыр. Көш басында — Тьерри Анри (228 гол), екінші — Иан Райт (185), үшінші — Клифф Бастин (178).