«Миланның» қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма Италияның А сериясының 19 турында «Кальяриге» қарсы ойнап, рекорд жаңартты. Ол 17 жасында «Милан» сапында  50 матч өткізген алғашқы футболшы болып отыр.

Бұған дейінгі рекорд иесі даңқты Паоло Мальдини еді. Ол 17 жасында А сериясында 41 матчқа қатысқан болатын.

А сериясының тарихында Доннарумма әзірше бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұр. Даңқты шабуылшы Джанни Ривьера 17 жасқа дейін «Алессандрия» командасының құрамында 59 матчта алаңға шығыпты. 

Д.Доннарумманың үлкен футболдағы тұсауын серб маманы Синиша Михайлович кесті. Ол 2015 жылдың 25 қазанында жас қақпашыны «Сассуолоға» қарсы негізгі құрамда шығарды. Бұдан әрі Джиджидің өзі де қамшы салдырған жоқ. 2015/16 маусымында — 31 матч, биылғы маусымда 19 матч өткізіп үлгерді. Ел кубогының финалында және суперкубогында «Ювентусқа» қарсы ойнап, бір ұтылып, бір ұтқан Доннарумма жақында «Миланмен» келісім-шартын жаңартады. Ол жылына 150 мың  ғана емес, енді 5 миллион еуро алады.