Құрлықтық хоккей лигасында ең мерген шетелдік легионерлер тізімі толықты. 3 қазанда «барыстық» Брендон Боченски «Нефтехимик» қақпасына шайба енгізіп, 149 голмен жеке-дара көш бастаған-ды. Бірақ содан кейін Боченски тоқтап қалды, қанжығасын тағы қандай алған жоқ.

Есесіне оның командаласы Найджел Доус «Металлург» қақпасына  — 1 (13.10.2016 ж. «Металлург» — «Барыс» — 3:1, «Салауат Юлаев» қақпасына 2 шайба (15.10.2016 ж. «Салауат Юлаев» — «Барыс» — 5:2) соғып, Боченскиді қуып жетті.

Боченски өзін Доустың тез қуып жетуі мүмкін екенін айтып еді. Қаупі бекер болмай шықты.

«Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 18 ойыннан кейін 20 ұпаймен 14 орында келеді. Плей-офф аймағымен (8 орын) арадағы айырмашылық 9 ұпай ғана. Сондықтан «Барыстың» қос мергені шайба санын арттырған сайын командалары да алға жылжи түсуге тиіс.