Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Польша қақпасына қос гол соғып (Қазақстан — Польша — 2:2), ұлттық құраманың мергендері қатарына қосылды.
Құраманың 25 жылдық тарихындағы бас мерген — Руслан Балтиев (13 доп).
Екінші орында — Виктор Зубарев (12).
3-4 орындарда — Дмитрий Бяков пен Сергей Хижниченко. Екеуінің еншісінде 8 доптан бар.
Қазір Сергейден басқа үшеуі де үлкен футболдан қол үзген. В.Зубарев өмірден өтіп кетті.
Польша қақпасын 2 рет дəл көздеп, Хижниченко құрама мергендері қатарындағы Н.Жұмасқалиев (7 доп) пен И.Авдеевті, С.Остапенконы (6 голдан) артта қалдырды.
Марқұм Виктор Зубарев алып ойыншы еді, бойы екі метрге таяу Олег Литвиенко екеуі ерте өмірден озды өкінішті…