Қазақстан премьер-лигасы
27 тур. 22 қыркүйек

«Қайсар» — «Шахтер» — 2:1 (Тағыберген, 51-пенальтиден, Пуношевац, 80 — Вух, 23)

«Қайсар» командасының сербиялық шабуылшысы Братислав Пуношевац осы кездесуде пенальти жасап, қызылордалықтардың матч тағдырын өзгертуіне жол ашты. Содан кейін осы шабуылшы 80 минутта Тағыберген бұрыштан көтерген допты баспен дәл соғып, «Қайсарға» жігерлі жеңіс сыйлады.

Бұл — Пуношевацтың Қазақстан премьер-лигасындағы 9-голы. Ол биылғы маусымды «Қызылжар-СҚ» сапында бастап, трансферлік үзіліс кезеңіне дейін 4 гол соқты. Шілде айында «Қайсарға» ауысып, тағы 5 рет мергендік танытты.

Ең қызығы, Қызылордаға келген соң, серб мергені пенальти жасау шеберіне айналды. «Қайсар» сапында өткізген 8 кездесуінде қарсылас команданың қорғаушылары өз айып алаңында Пуношевацқа қарсы 4 рет тәртіп бұзған:
1. 05.07.2018 ж. 17 тур. «Ордабасы» — «Қайсар» — 1:2 (57 минут, тәртіп бұзған – Ұ.Жақсыбаев, пенальтиді М.Курьор соқты — 1:1)
2. 14.07.2018 ж. 18 тур. «Тобыл» — «Қайсар» — 2:2 (90+4 мин., Ф.Кассай, А.Тағыберген — 2:2)
3. 11.08.2018 ж. 22 тур. «Ақтөбе» — «Қайсар» — 2:1 (75 мин., Р.Нұрмұхаметов, А.Тағыберген — 2:1)
4. 22.09.2018 ж. 27 тур. «Қайсар» — «Шахтер» — 2:1 (51 мин. Е.Тарасов, А.Тағыберген — 1:1)

Биылғы премьер-лигада өз командасына 4 пенальти сыйлаған басқа футболшы жоқ. А.Әйімбетов («Ақтөбе»), А.Есеола («Ақжайық»), Н.Бочаров («Ордабасы») және Р.Степанюк («Жетісу») 2 реттен пенальтиге еңбек сіңірді.

Жалпы, «Қайсар» сапында Б.Пуношевац пен А.Тағыберген арасында жақсы үйлесім бар секілді. Пуношевац жасаған пенальтидің үшеуін де Тағыберген дәл соқса, соңғы турда Братислав Асқаттың пасынан кейін жеңіс голын енгізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here