«Тобыл» — «Самтредиа» — 2:0 (Тұрысбек, 12, Дарабаев, 83)
Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі. Қарымта матч
19 шілде
«Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев бұл кездесуде ерекше нәтижеге қол жеткізді. Ол еурокубоктарда Қазақстанның үш командасы сапында гол соққан алғашқы футболшы болып отыр.
Дарабаев – Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Ол алғаш рет 2010 жылдың шілдесінде «Ақтөбе» сапында еурокубокқа қатысты. Бүгінге дейін еурокубоктарда бес команданың («Ақтөбе», «Шахтер», «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл») намысын қорғады. Кейінгі үш команда құрамында қарсыластар қақпасына гол енгізді:
1. 07.2014 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. «Қайрат» — «Кукеси» — 1:0 (Дарабаев, 89)
2. 07.2017 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. «Дунав» — «Ертіс» — 0:2 (Дарабаев, 88 – 0:2)
3. 07.2018 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. «Тобыл» — «Самтредиа» — 2:0 (Дарабаев, 83 – 2:0)
Ал «Тобыл» шабуылшысы Б.Тұрысбеков еурокубоктардағы екінші голын екінші команда сапында соқты. Бұған дейін ол 2016 жылы Албанияның «Теута» командасының қақпасына «Қайрат» сапында доп енгізген еді. Тұрысбектен бөлек, С.Сымақов («Қайрат», «Ақтөбе»), Д.Деспотович («Қайрат», «Астана»), Х.Р.Каньяс («Шахтер», «Астана»), С.Мұжықов («Жетісу», «Астана»), Р.Муртазаев («Шахтер», «Астана»), Ю.Логвиненко («Ақтөбе», «Астана») қос команда құрамында көзге түсті.